Меню

Мамандық таңдау - маңызды және жауапты іс!

Мамандық таңдауда ең алдымен баланың қызығушылығын, оның бейімділігін, қабілетін, қалауын, содан кейін ғана отбасылық дәстүр мен қызығушылықты ескеру қажет.

Балаңыздың кәсіби жоспарлары туралы ақпаратты онымен ашық сөйлесу барысында ғана алуға болады.Бірақ ата-ана баланың мамандық таңдауда толық тәуелсіздігіне сенбей,өз тарапыңыздан қолдау көмегіңізді аямауыңыз қажет.

Кәсіби бағдар берушінің оқушымен жұмыс жасаған кезінде,қолында мамандық туралы ақпараттар беретін техника-құралы болуы қажет. Себебі, оқушымен жұмыс жасаған кезде оның алдында еш мамандық болмаса,ол ештеңе айта алмайды. Қәзіргі балалар көп ашыла бермейді,сондықтан бұл мак карталар тұйық балаларды ашып,назарларын мамандық суреттелген карталарға қойып,сөйлете бастайды. Осындай әдіс-тәсілдермен,балаға диагностика жасап «Өзім туралы мен не білемін,менің мықты және әлсіз тұстарым?» деген сауалнама толтырылып, нәтиже қорытындысы бойынша баланың бойындағы басым қабілеттілігі анықталып бағыт-бағдар беріледі. Балаңыздың өзі жасаған мамандық таңдауы өз таңдауы екенін сезінуі қажет.Өйткені, таңдау оның салдары үшін жауапкершілікті білдіреді. Кім таңдайды, сол адам жауапты. Ал балаңызға ол мамандықты өзі таңдамағандай көрінсе, ол өзі үшін оқымайды. Оқу оны мазалайды, ол оны қызықсыз, ауыр міндет деп қабылдайды. Ал, керісінше, бұл мамандықты өзі таңдағанын сезінудің өзі оның кәсіби даму жолында ілгерілеуіне айтарлықтай ынталандырады.

Кәсіби өзін-өзі анықтау - бұл өмірдің барлық бағытын түбегейлі өзгертетін, оның барлық салаларына әсер ететін оқиға.

459002177_503905805679149_2551174650148132768_n
458551818_1599729547638109_3078778303792713466_n
459015825_1437011683676440_9166102965705634077_n
459058578_394235066804076_4097445398600953381_n
459094210_486747504249225_152895461314587086_n
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ш/а, 20 ғимарат
8 (7292) 30-34-07
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Төлеген Айбергенұлы атындағы N19 мектеп-гимназиясы» КММ
SemStar веб-сайтты әзірлеу