2025 жылдың 3 Наурыз күні «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткен «ЖҰЛДЫЗАЙ» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңінен, «Вокал» номинациясы бойынша Т. Айбергенұлы №19 мектеп-гимназиясының 5 «З» сынып оқушысы Бәтербай Гүлсезім Наурызбекқызы ll - орын иеленді.
Жетекшісі Сейтова Ардак Кенжешовна.