Бүгін, «БІРТҰТАС ЕЛ - БІРТҰТАС ЖЕР» қағидасы және «Кәсіби бағдар» беру жобасы аясында Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери шақыру және әскерден тыс жұмыс жөніндегі бөлім бастығы, капитан Н.Шегебаев, майор Жәлел Таңат Темірбекұлы, шебер - сержант Баймуханов Руслан Ақмұратұлы 9 - сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында болашақтың иелері - балаларға Отан сөзінің ұлы ұғым екендігі, оны қадірлеу, қастерлеу туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар, ата - баба ерліктері, елі үшін еткен еңбектеріне шолу жасалды.
Жиын соңында «Отаныма адал қызмет етемін, батыр бабалардың жолын қуып, ел іргесін жауға бермей қорғаймын» дейтін батыл, ержүрек ұландарды әскери қызметші болуға шақырды.