2025 жылдың 3 қараша күні мектебіміздің 1-сынып оқушылары арасында «Күзгі қолөнер бұйымы» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, күз мезгілінің ерекшелігін түсіндіру және экологиялық материалдарды орынды қолдануға баулу.
Оқушылар мен ата-аналар көрмеге белсенді қатысып, түрлі табиғи материалдардан (жапырақ, жаңғақ, мата, қағаз, т.б.) ерекше бұйымдар ұсынды. Жұмыстардың барлығы ұқыптылықпен орындалып, әрқайсысы тақырыпқа сай болды. Нәтижесінде барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті және оқушылардың шығармашылық ойлауына, қолөнерге деген қызығушылығына оң әсер етті.
Ұйымдастырушы:
1-сынып жетекшісі: Айтбаева Айдана Сағидоллақызы
Саматова Шынар Жеңісқызы