Жиналыстың мақсаты - оқушы қыздардың өзін-өзі тануына, өз сезімі мен мінез-құлқын басқаруына, қиын жағдайдан дұрыс жол таба білуіне бағыт беру; құқықтық сауаттылықты арттыру; жағымсыз ортадан қорғау, өз өміріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. Қиындық ұғымы және оның түрлері.
Тұрмыстық, отбасылық, оқу үдерісіндегі, достық қатынастағы және эмоциялық қиындықтар жайында түсінік берілді.
2. Стресті жеңу дағдылары.
Терең тыныс алу, күн тәртібін реттеу, позитивті ойлау, дене жаттығулары, уақытты басқару тәсілдері қарастырылды.
3. Эмоцияны басқару және өзін-өзі тыныштандыру әдістері.
Қыздарға ашу, реніш, қорқыныш сияқты эмоцияларды дұрыс шығару, ішкі күйді бақылау жолдары түсіндірілді.
4. Қиын жағдайдағы құқықтық сауаттылық.
Зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг жағдайында қайда жүгіну керек, қандай құқықтары бар екені айтылды.
5. Шешім қабылдау дағдылары.
«Ойлан - талда - әрекет ет» қағидаты үйретілді. Жеткіншектің әр әрекеті заңдық және моральдық жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.
6. Дұрыс орта құру.
Қыз балалардың қызғаныш, өсек, негатив ортадан аулақ болып, өзін қолдайтын, дамуға ықпал ететін достық шеңбер қалыптастыруы жайында әңгіме жүргізілді.