Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өмір» фестивалінің облыстық кезеңінде вокалдық жеке орындау номинациясы бойынша Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Бәтербай Гүлсезім жүлделі І орынға ие болып, Республикалық фестивальға жолдама алған болатын.
Өнерге деген құлшынысы мен ерекше қабілетінің арқасында Гүлсезім республикалық «Шексіз өмір» фестивалінде де үздік өнер көрсетіп, Бас жүлдені қанжығасына байлады. Бұл жеңіс - Гүлсезімнің таланты мен табандылығының, жетекшісі Сейтова Ардақтың еңбегі мен қолдауының жарқын нәтижесі.
Мектебіміздің атын республикалық деңгейде асқақтатқан Гүлсезім мен Ардақ апайға шын жүректен алғыс айтып, шығармашылық табыстар тілейміз! Жеңістеріңіз - болашақ биіктердің бастауы болсын!