Ата-аналарды кәсіби бағдар беру жобасына тарту мақсатында және «Еңбегі адал жас өрен» жобасының аясында 2 «Ә» сынып жетекшісімен кәсіби бағдар беруші маманның ұйымдастыруымен «Еңбек - түбі береке» атты сынып сағаты өткізілді.
Бастауыш сынып оқушысы оқуды және жаңа нәрсені үйренуді ұнатады. Оларға жаңа шағын социумдағы орындаушының рөлі ұнайды, әсіресе оған ойын процесі кіріктірілген болса,тіпті қызықтырады.
Мақсат-балаларға адал еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру ,мамандықтың қызықты және қиын жақтарымен таныстырып,еңбекке деген қызығушылықтарын ояту. Сынып сағатында -балаларға ата-аналардың адал еңбек ету процестерін көрсеткен бейне роликтерімен таныстырып алып, Айгул анамыздан сұхбат алынды. Ол кісі тігінші болу үшін адам бойында болу керек қәбілеттер мен қасиеттер туралы,кәсіптің пайдасы мен қиын жақтарын айтып берді. Балалардың барлығы белсенділік танытып,тігінші апайдың көрсеткендерін қайталап,апайларының өлшемін алып,көйлек тікті. Сондай белсенділік танытып,бірнеше балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктері байқалды. Балалар сонымен бірге «Қай мамандық» «Кім шапшаң» атты ойындар ойнады. Сынып сағаты соңында балалар еңбектің нәтижесін көріп, қатты қуанып, Айгул тігінші анамызға алғыстарын білдірді.