Меню

9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі

Ағымдағы жылдың 16 қазаны күні Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9-10 сынып оқушыларына арнлған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурстың облыстық кезеңіне 2 оқушымыз жолдама алып 1 оқушымыз жүлдегер атанып, республикалық кезеңге 1 оқушымыз жолдама алды.

«МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ ОТАНЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:

ІІІ орын
Айдарбек Жасұлан, 10- сынып оқушысы
Жетекшісі: Күнтебай Нұржан

«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМНАН ШЫҚҚАН ТҰЛҒАЛАР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:

І орын
Кеңесбай Кәусар, 9-сынып оқушысы
Жетекшісі: Ғаниқызы Мадина

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

463402124_18016550792634542_5250763031141200818_n
463455999_18016550804634542_8703225165018084574_n
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ш/а, 20 ғимарат
8 (7292) 30-34-07
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Төлеген Айбергенұлы атындағы N19 мектеп-гимназиясы» КММ
SemStar веб-сайтты әзірлеу