Мектебімізде 18.10 күні Маңғыстау облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ олармен жасалған құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында «Прокурор сағаты» өтті.
Қонаққа Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы М.Ө. Меңдіғалиев. Шараға қамқоршылық кеңестің төрағасы мен әкелер клубының төрағалары да қатысты.
Шараның мақсаты: мектеп оқушыларына бұзақылық, төбелес, вандализм және басқа да құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық түсіндіру, сондай-ақ мәдени және құқықтық сананы қалыптастыру болып табылады. Шара барысында «Өзін –өзі басқару» және «Адал ұрпақ» ұйымының оқушылары шағын скетчтер көрсетті. Оқушылар жағдаяттар шешіп, өздерінің сұрақтарын қойды.
Үлгілі, белсенді оқушыларымыз Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы М.Ө. Меңдіғалиевтің алғыс хатымен марапатталды.