Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
«Т.Айбергенұлы атындағы№19 мектеп-гимназисы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің
ПОРТРЕТІ
1. НМ жалпы сипаттамасы
№ |
||
1 |
Білім беру ұйымының атауы |
«Т.Айбергенұлы атындағы№19 мектеп-гимназисы ЖББОМ» КММ |
2 |
Білім беру мекеменің типі мен түрі |
Жалпы білім беретін мектеп |
3 |
Ұйымдастырушылық-құқықтық түрі |
Мемлекеттік мекеме |
4 |
Құрылтайшы |
Ақтау қаласы әкімдігі |
5 |
Ашылған жылы |
2021 жыл,маусым |
6 |
Заңды мекен-жайы |
130000,Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы 34 шағын аудан,20 ғимарат |
7 |
Телефон |
30-34-07 |
8 |
|
19mektep-gymnazya@mail.ru |
9 |
Басшының тегі,аты-жөні |
Абдиева Мадина Мұратбайқызы |
10 |
БИН |
210840002404 |
11 |
Мемлекеттік тіркелу куәлігі /берілген күні,кім берді/ |
15.03.2024 ж. Маңғыстау Әділет Департаменті |
12 |
Лицензия /серия.номер,берілген күні,әрекет ету мерзімі |
KZ37LAA00036298 Жалпы білім беру-шектеусіз ҚРҒ жБ Министрлігі білім саласын бақылау бойынша Маңғыстау облыстық комитеті |
13 |
Мектептің аттестатталуы |
Уақыты келген жоқ |
14 |
Мектептің аттестаттау бұйрығы |
- |
15 |
Оқу жоспары |
Ақтау қалалық білім бөлімімен келісілген |
16 |
10-11 сыныптағы оқыту бағыты |
Математикалық-жаратылыстану,қоғамдық-гуманитарлық бағыт |
17 |
Оқыту бағытын әдістемелік қолдау және қамту жүйесі |
Өрлеу орталығы,ПШО |
1.1. ББЖМ-ніңНМнәтижелері
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылы ББЖМ-ге қатысты. Талдау көрсеткендей, осы мектептегі төртінші сынып оқушыларының орташа ұпайы 30 мүмкін ұпайдың 13,88-ын құрады; тоғызыншы сынып оқушыларының орташа ұпайы 75 мүмкін ұпайдың 28,7-ын құрады (1-кесте).
1-кесте. ББЖМ-нің "Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы" КММ-нің нәтижелері
Жыл |
Білімберуұйымыныңатауы |
Орташа балл 4 сынып |
Орташа балл 9 сынып |
2023 |
«Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы» КММ |
13,88 |
28,7 |
Дереккөз: Талдаумәліметтері
Тестілеу бағыттары бойынша "Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы" КММ оқу сауаттылығы бойынша салыстырмалы түрде неғұрлым табысты, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша орта деңгейлі нәтижелер көрсетті. Айта кету керек, бұл мектепте 9 сынып арасында математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша тапсырмалардың 30 % - және 40 % орындалып, орта деңгейді көрсетті.
2-кесте. ББЖМ/сауаттылық бағыттарындағы "№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-ніңнәтижелері
Жыл |
Білімберу ұйымының атауы |
Орташабалл 4 сынып |
Орташабалл 9 сынып |
||||
|
Оқу сауаттылығы |
Математикалық сауаттылық |
Жаратылыстану сауаттылығы |
Оқу сауаттылығы |
Математикалық сауаттылық |
Жаратылыстану сауаттылығы |
|
2023 |
"Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы" КММ |
4,32 |
5,44 |
3,72 |
11,7 |
3,5 |
9 |
Дереккөз:Талдаумәліметтері
Математикалық сауаттылық бойынша төртінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары / бөлімдері: «жиындар арасындағы қатынастың тең,қилысатын, қилыспайтын жиындар,ішкі жиын сипатын анықтай білу», « Графиктер, Диаграммалар, Кестелер»Тоғызыншы сынып оқушылары үшін:«Тригономтриялық өрнектерді түрлендіру және мәнін табу», «Теңдеулер жүйесі әдісі арқылы мәтінді есептер шешу»,« Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу».Бұл тақырыптардың көпшілігі«Математикалық теңдеу» және «Геометрия» оқу бағдарламаларының бөлімдеріне жатады.
Жаратылыстану сауаттылығы бойынша төртінші сынып оқушылары үшін келесі тақырыптар ең қиын болды: «Жануарлар», «Заттардың түрлері. Ауа. Су», «Күш қозғалыс. Жарық. Дыбыс. Жылу. Электр энергиясы». Тоғызыншы сынып оқушыларына келесі тақырыптар қиындық туғызды:«Резонанс құбылысын сипаттау. Тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдіктің шарттарын анықтау. Геометриялық оптика заңдары», «Астрономия негіздері. Жер және ғарыш. Астрофизика элементтері», «Механика. Динамика негіздері», «Механика. Сақтау заңдары», «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Химиялық реакциялардың жіктелуі», «Массаның сақталу заңы», «Тербелістер мен толқындар. Электромагниттік тербелістер мен толқындар», «Жылу физикасы. Термодинамика негіздері», «Электр және магнетизм. Электростатика негіздері» және «Жер химиясы».
Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар тапсырмаларды сәтті орындады,ондамәтінненнақтытүрдеберілгенақпараттытабукерек,бірақ мәтіннің мазмұнын және оның жеке бөліктерін терең түсінуді, талдауды, салыстыруды және түсіндіруді қажет ететін күрделі тапсырмаларды орындау қиынға соқты.
2.2 PBTS-тегіНМнәтижелері
«Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы» халықаралық «PIZA» зерттеуге қатысты.
2.3. ҰБТ-дағы НМ нәтижелер
«Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы» КММ 2023-2024 оқу жылында 86 түлек бітірді.
1-грант ұбт-ға 52 бітіруші түлек қатысты, орташа балл-68,37%. Қазақстан тарихы-10,4%, оқу сауаттылығы орташа балл-8,19%, математикалық сауаттылық-5,82%, таңдау пәні орташа балл – 23,1%, 2-таңдау пәні-22,58%. Ең жоғарғы баллды 11 «Б» сынып оқушысы Азаматқызы Жұлдыз жинады-131 балл, таңдау пәні – құқық-дүниежүзі тарихы.
2-грант ұбт-ға 43 бітіруші түлек қатысты, орташа балл-74,76%. Қазақстан тарихы-11,71%, оқу сауаттылығы орташа балл-8%, математикалық сауаттылық-6,64%, таңдау пәні орташа балл – 25,23%, 2-таңдау пәні-25,9%. Ең жоғарғы баллды 11 «Б» сынып оқушысы Азаматқызы Жұлдыз жинады-134 балл, таңдау пәні – құқық-дүниежүзі тарих.
86 білім алушының 37-сі грантқа оқуға түсті, соның ішінде 2 нысаналы грант иегері бар.
2.4. Мемлекеттік аттестаттау кезіндегі білім бөлігіндегі «Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясы» КММ-нің нәтижелері
Мектептің аттестатталуы уақыты келген жоқ.
2.5. НМ-тің жалпы үлгерімі
- Тоқсандық / жылдық бағалар:
Сыныптар |
І тоқсан сапа % |
ІІ тоқсан сапа % |
ІІІ тоқсан сапа % |
ІV тоқсан сапа % |
Жылдық сапа % |
1-4 сынып
|
41,5 |
45,7 |
60 |
61,1 |
61,9 |
5-9 сынып
|
37,8 |
41,9 |
42,9 |
43,3 |
44,2 |
10-11 сынып
|
31 |
46,3 |
45 |
42,7 |
42,7 |
2-11 сынып
|
39 |
44 |
49,9 |
50,3 |
51,1 |
- Үздік оқушылардың, екпінділердің және үшке оқитын оқушылардың үлесі.
Сыныптар |
І тоқсан сапа % |
ІІ тоқсан сапа % |
ІІІ тоқсан сапа % |
ІV тоқсан сапа % |
Жылдық сапа % |
Үздіктер |
10,1 |
11,3 |
11,8 |
12,5 |
11,6 |
Екпінділер |
28,9 |
32,7 |
32,6 |
32,3 |
33,9 |
Үшке оқитын |
61 |
56 |
55,6 |
55,2 |
54,5 |
- екінші жыл ғақалғандардың үлесі
«Төлеген Айбергенұлы №19 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екінші жарты жылға қалғандар жоқ.
9 және 11 сыныптардағы қорытынды аттестаттау нәтижелері және т.б
3. НМ-тің кадр ресурстарымен басқаруды талдау
3.1. Педагогтердің сандық және сапалық құрамы
«Т.Айбергенұлы атындағы №19мектеп-гимназисы» жалпы білім беретін мектеп» КММ -де барлығы 271 мұғалім сабақ береді, оның 248-і әйел. Педагогикалық құрам жоғары білімі бар мамандардың өкілдігінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді– 91,5%.Мектепте магистр дәрежесі бар педагогтер саны – 26,.
Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамын талдау көрсеткендей, еңбек өтілі 3 жылдан кем 28 педагог бар және 10жыл мен 30 жыл аралығында еңбек өтілі бар132, мұғалімдердің жас ерекшілігі бойынша басым көпшілігі 25 пен 45 жас аралығын қамтиды
«Т.Айбергенұлы атындағы №19мектеп-гимназисы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«педагог-шебер» санаты бар педагог-5, «педагог-зерттеуші» - 37, «педагог-сарапшы» -39, «педагог-модератор» -68,биология ғылымының кандидаты -1.
3.2. Басшылардың сандық және сапалық құрамы
Мектеп басшысының жоғары білімді, магистр академиялық дәрежесі бар, әйел адам және 50-60жас аралығында.Педагогикалық өтілі 32жылдан асады. Педагог-сарапшы санаты бар. Басшылық позициядағы біліктілікке қатысты
3санат «Басшы-ұйымдастырушы».
3.3. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының сандық және сапалық құрамы
Мектеп басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының жоғары білімі бар (академиялық дәрежесі бар). Жастары 31-55жас аралығында. Педагогоикалық еңбек өтілдері 10-31 жылды жасты қамтиды. Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы біліктілік санаттары бар,орынбасарлық позициядағы біліктілікке қатысты санаттары бар мұғалімдер.
3.4. ПББ нәтижелерін талдау
ПББ нәтижелерін «Т.Айбергенұлы атындағы №19мектеп-гимназисы» жалпы білім беретін мектеп» КММ -де талдау көрсеткендей, білім беру ұйымында 2024 жылы сәуір-мамыр, шілде-тамыз айларында шекті балл жинамаған мұғалімдердің үлесі 33% құрады
3.5. Педагогтермен басшылардың кәсіби дамуы
Соңғы үш жылдағы педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өткен санына қатысты деректерді талдау келесідей нәтижелерді көрсетті:
2022 жылы 70 педагог, бұл мектептегі жалпы педагогтардың 27,8%- ын құрайды, біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Оқыту қазақ (Т1) және орыс (Т2) тілдері, математика, тарих, география, биология, физика, химия, көркем еңбек және информатика сияқты кең ауқымды пәндерді қамтиды.
2023 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер саны 80, бұл педагогтардың жалпы санының 29,6%-ды құрайды. Бұл педагогтердің әртүрлі пәндер бойынша біліктілігін арттыруға жоғары қызығушылықтары мен белсенділіктерін көрсетеді.
2024жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер саны 90, бұл педагогтардың жалпы санының 33,2%-ды құрайды. Бұл педагогтердің әртүрлі пәндер бойынша біліктілігін арттыруға жоғары қызығушылықтары мен белсенділіктерін көрсетеді
Директордың және оның орынбасарының біліктілігін арттыру туралы талдау көрсеткендей,әртүрлі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, өздерінің кәсіби дамуымен белсенді айналысады.
2024 жылы мектеп директоры,директордың орынбасарлары білім берудегі менеджмент курсынан өтті.
«Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» курстарынан өтті. 2024 жылы біліктілікті арттыру курстары: «Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» және «Білім беру менеджменті: орта білім беру ұйымдарының директорлары мен директор орынбасарларының ұйымдастыру-педагогикалық қызметін жобалау және іске асыру», «Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту», «Жаратылыстану және химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту».
Бұл мектеп басшылығының үнемі біліктілікті арттыруға ұмтылысын көрсетеді, осылайша директор мен оның орынбасарлары қазіргі заманғы талаптарға бейімделіп, мектепте заманауи практикадарды енгізуге мүмкіндік алады.
4. НМ-тің оқу ортасын және МТБталдау
4.1. Материалдық-техникалық жарақтандыру
Мектеп 3 ауысымда жұмыс істейді. Салынған жылы-2021. Мектептің МТБ талдауы үш өлшемді, апаттық және оқушы орындарының тапшылығына байланысты күрделі проблемалар жоқ екенін көрсетті. Интернеттің жылдамдығы жоғары – 100 Мбит/с. Мектепте жалпы 216 компьютер қарастырылған, яғни 1 компьютерге 9 оқушыдан келеді.
Мектептің«Т.Айбергенұлы атындағы №19мектеп-гимназисы» жалпы білім беретін мектеп» КММ материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті. Мысалы, коммуналдық мемлекеттік мекемесінде интерактивті тақталар барлық кабинетте орналастырылған, жаңа модификациядағы физика, биология, химия, робототехника,стем,НВП кабинеттері ашылды.
4.2. Психологиялық климат
Аймақтағы психологиялық климатты талдау жалпы алғанда өңірдің буллинг пен мектептердегі қауіпсіздік сезімі бойынша көрсеткіштері елдің орташа көрсеткіштерімен салыстырылатынын көрсетті. Мысалы, PISA-2023 деректері бойынша, өңірдің буллингке ұшырау индексі -0,44 (ҚР = -0,50). Қауіпсіздік сезімінің индексі бойынша өңір -0,13(ҚР=-0,19) мәнін көрсетті. Оқушылар оқу орындарында қауіпсіздікті ОЭСР елдерінің оқушыларымен салыстырғанда аз сезінеді. Психологиялық климат мектептерде әлеуметтік теңсіздік жоғары болған жағдайда жиі әлсіз болатынын ескере отырып, оқушылардың арнайы білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ),соның ішінде қандастар, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар және басқа категориялар туралы сандық деректер талданды.
Мектебімізде 21 ЕББҚ оқушы бар, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасына, мүгедектігі бар,ақыл ес дамуының тежелуі,тіл мүкістігі, көп балалы отбасына жатады.
Бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптарға сәйкес, ұйымдардың жағдайын бақылау және бағалауүшін ғимараттармен іргелес аумақтарбейнебақылаужүйелерімен жабдықталуы тиіс. ҰБДҚ деректеріне сәйкес, ҚР бойынша күндізгі мемлекеттік мектептердің ішкі және сыртқы аналог-48,цифрлы-50 бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы стандарттарға сәйкес келеді, себебі мектеп ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерімен қамтылған.
5. НМқажеттіліктерінің қорытынды бағалау
Талдау көрсеткендей, «Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназисы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жетістіктеріне, мектептерді материалдық-техникалық жабдықтауға, кадрлар мен басқару құрамына байланысты проблемалар анықталды, мысалы:
- менеджмент бөлігінде мектеп басшыларының құзыреттілігінің жеткіліксіз жоғары деңгейі;
- бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы пәндері бойынша төмен оқу жетістіктері;
- Педагогтардың құзыреттілігінің жетіспеушілігі;
- АКТ құрылғыларының,компьютер, ноутбуктардың жетіспеушілігі;
- Мектептің үш ауысымдағы қызмет етуі;
Осылайша,«Т.Айбергенұлы атындағы №19мектеп-гимназисы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде келесі бағыттар бойынша қолдауды қарастырған жөн:
- математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы пәндері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру, күрделі бөлімдер мен құзыреттер бойынша пәндік білімге (мысалы,математикалықсауаттылықбойынша–«Геометрия»және«Математикалық модельдеу» бөлімдері, оқу сауаттылығы бойынша- мәтіндерді сыни талдау, салыстыру және түсіндіру дағдылары сондай-ақ менеджмент және көшбасшылық бөлігінде мектеп басшыларының біліктілігін арттыру.
- сабақтардың сапасын арттыру және ішкі бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге арналған сабақтарды жоспарлау және өткізу, бағалау және рефлексия және т. б. бойынша практикалық оқыту іс- шараларын өткізу.
- мектептің үлгерімі төмен оқушыларына қолдау көрсету;
- мектепте тәлімгерлік және менеджмент институтын күшейту, педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілердің құзыреттілігін пайдалану яғни педагогтарды ішкі оқытуды қамтамасыз ету, педагогикалық қолдау көрсету;
- жаңа модификацияланған кабинеттердің санын арттыру үшін мектепті қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау;