Серіктес оқу орындарымен жасалынған меморандум аясында Есенов колледжінің студенттерімен бірігіп, 9-сынып оқушыларына кәзіргі сұранысқа ие мамандықтардың бірі-Бағдарламалау мамандығына саяхат жүргізілді.
Сайттар не үшін қажет? Қалай жұмыс жасап,табыс табуға болады? Бұл мамандыққа бару үшін адамның бойында қандай қабілеттермен қызығушылықтар болу керек туралы сұрақ-жауаптар өткізілді. Нәтижесінде көптеген оқушылардың қызығушылықтары оянды.
- Болашақ мамандық таңдауға көмек беретін пайдалы ақпаратқа қол жеткізу мақсатында;
- IT және цифрлық технологиялар әлемімен таныстыру;
- Робототехника, бағдарламалау және жаңа жобалар, Жасанды интеллект, 3D моделдеу, мобильді қосымшалар жасау туралы қызықты мәліметтер алу үшін Yessenov Technopark-қа 8-9 сынып оқушылары экскурсияға апарылды.
Ол жерден оқушылар өздеріне деген маңызды ақпараттар алды. Жасанды интеллект әлемімен танысып, бағдарламалау мамандықтармен танысты.